ҚР ТМРА тұтынушылар құқығын қорғау үшін көрсетілетін қызметтер сапасын мониторингілеу және бақылау жүйесін заңнамалық тұрғыда енгізуді ұсынады

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тұтынушылар құқығын қорғау үшін көрсетілетін қызметтер сапасын мониторингілеу және бақылау жүйесін заңнамалық тұрғыда енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысында аталған ведомство төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа мәлім етті.

ҚР ТМРА тұтынушылар құқығын қорғау үшін көрсетілетін қызметтер сапасын мониторингілеу және бақылау жүйесін заңнамалық тұрғыда енгізуді ұсынады

Оның атап өтуінше, ТМРА коммуналдық қызметтер көрсету барысында халыққа сервистік қызметтер көрсету үшін сәйкесінше заңнамалық және нормативтік-техникалық негіз құруды да ұсынып отыр.

Сонымен қатар А.Шкарупа өз сөзінде жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй жәрдемақысын рәсімдеу және алу процедураларын жетілдіру қажеттігін де атап өтті.