ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясының Ауыспалы кубогын Оңтүстік Қазақстан командасы иеленді

         АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерацияның Кубогы үшін Көкшетауда өткен  дәстүрлі халықаралық турнирде Оңтүстік Қазақстан облысының командасы жеңіске жетті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

          Бір аптаға созылған бұл байрақты бәсекеге биыл Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолиядан спортшылар қатысты. Оған ақтөбелік  жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Бауыржан Төлегенов бастаған қазылар төрелік жасады. Тартысты өткен жарыста командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орынды  Ақтөбе облысы, ал үшінші орынды Қостанай облысы мен Астана қаласының командалары бөлісті. Жекелей сында ерлер арасында өнер көрсеткен 50 спортшының арасынан павлодарлық  Жанат Қаймулдин үздік шықты. Үздік үштіктің қатарына  оңтүстікқазақстандық  Сәбит Сапарбеков пен  астаналық Мақсат Шотаев қосылды. Әйелдер арасында бұл жолы 42 спортшының арасынан Сәбиттің әпкесі Салтанат Сапарбаева топ жарып, қостанайлық Гүлмира Айғұзина екінші,   ал ақтөбелік Құралай Төлеуова үшініш орынға ие болды.

    «Жалпы 1991 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастыратын  халықаралық бұл  жарыс былтыр  Алматыда өткен. Онда Ауыспалы кубокты Қызылорда облысының командасы алған еді. Ал жекелей сында ерлер арасында павлодарлық Серік Ақтаев, әйелдер арасында қызылордалық   Әсел Далиева жеңімпаз атанған болатын. Келесі жылы халықаралық жарыс Ауыспалы кубокты жеңіп алған Оңтүстік Қазақстан облсында:   Шымкент не Түркістан қалаларының бірінде өтпек», дейді мемлекеттік бапкер Мақсат Шотаев.

Соңғы жаңалықтар