ҚР Төтенше жағдайлар министрі су тасқынына қарсы бөгет салуды қажет ететін аймақтарды атады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 500 шақырымнан астам су тасқынына қарсы тосқауыл бөгетін салу керек.
None
None

Бұл туралы бүгін селекторық режимде өткен Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Тасқындарға тосқауыл қою жөніндегі талдау жұмыстары қашықтығы  547 шақырым бөгеттің құрылысын жүргізу және қолданыстағы 185 шақырым бөгетті күшейту шараларының қажеттілігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ тасқын қаупі бар 174 өзеннің арнасына 747 шақырымға жуық аралықта түбін тереңдету мен кеңейту жұмыстарын жүргізу керек екен.

Министрдің мәліметінше, аталған мәселе Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары, сонымен қатар «Қорғас» шекара бойындағы ынтымақтастық халықаралық орталығы үшін өзекті болып табылады.

Соңғы жаңалықтар