ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде кезектен тыс аттестаттауды өткізуге дайындық жүруде

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің аталмыш Жарлықты іске асыру жөніндегі бұйрығы шықты, онда:
Кезектен тыс аттестаттау өткізу жөнінде Орталық және републикалық аттестаттау комиссиясының қызметін қамтамасыз ету бойынша Жұмыс тобының құрамы және Ережесі;
ҚР ТЖМ меммлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
қызметтік және дене тәрбиесі дайындығы нормативтерінің тізбесі;
психологиялық әңгіме жүргізу тәртібі;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған компьютерлік тестілеу жүргізу үшін сұрақтар тізбесі;
Орталық аттестаттау комиссиясында кезектен тыс аттестаттаудан өтетін қызметкерлерден дене тәрбиесі дайындығы бойынша нормативтер қабылдау жөніндегі комиссия құрамы бекітілді.
Сондай-ақ Министрліктің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныс және Министрліктің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлеріне кезектен тыс аттестаттау жүргізу жөніндегі Орталық аттестаттау комиссиясы туралы ереже әзірленіп, Президент Әкімшілігіне келісімге жіберілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясында 20 қызметкер аттестаттаудан өтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау 2 кезеңде өтеді.
Бірінші аттестаттау кезеңінде құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан аз және осы лауазымды бір жылдан артық атқарған қызметкерлер, екінші кезеңінде барлық қалған қызметкерлер өтеді.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуге тестілеу сұрақтарының тізбесін жасап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберді. Бүгін күні сұрақтар келісілді.
Әр нормативтік құқықтық акті бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамы үшін бастапқы мән 40 %-дан кем, ал орта басшы құрам мен басшылық үшін 70 %-дан кем болмауы керек деп белгіленді.
Қазіргі кезде Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстар жиналды.
Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының жұмысына тиісті ардагерлер ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарту көзделген.
Орталық және Өңірлік аттестаттау комиссияларында кезектен тыс аттестаттаудан өтетін қызметкерлердің тізімі жасалды.
Министрліктің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының барлығы 17 097 қызметкері кезектен тыс аттестаттауға жатады, олардың ішінде:
41-і орталық аппараттың қызметкерлері;
30-ы Өртке қарсы қызмет комитетінен;
1678-і облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінен;
15 213-і облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нен;
20-ы «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ-нен;
115-і «Көкшетау техникалық институты» ММ-нен.
Министрліктің орталық аттестаттау комиссиясында (бұдан әрі - ОАК) маусым мен тамыз аралығында кезектен тыс аттестаттаудан Министрлік орталық аппаратының, мемлекеттік өртке қарсы қызмет комитетінің, «Республикалық дағдарыс орталығы» ММ-нің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің номенклатурасына жататын облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің барлығы 394 қызметкері (өңірлік аттестаттау комиссиясының құрамына үміткерлерді есепке алмағанда) өтеді.
Кезектен тыс аттестаттау мақсаттары мен міндеттері туралы қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми веб-сайтында және «Пожарный и спасатель» журналында арнайы айдар ашылды, онда алда болатын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы толық ақпарат берілген. Мұнда аттестаттау өткізу қағидаларын регламенттейтін барлық нормативтік құқықтық құжаттар, Жоғары аттестаттау комиссиясында кезектен тыс аттестаттауға жататын басшы құрам тізімі берілген. Аталған айдарда аттестаттау барысы туралы хронология бойынша тұрақты жаңартылған ақпарат беріліп отыратын болады. Мұндай айдарлар облыстар, Астана, Алматы қ.қ. ТЖД сайттарында да ашылды.
Сондай-ақ пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында - www.akorda.kz және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында - www.emer.kz бұзушылықтар және Министрліктің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-қимылдар фактілері туралы хабарламалар мен өтініштер қалдыра алады.
Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 18 мамырында кезектен тыс аттестаттауға дайындық және оны өткізуді түсіндіру мақсатында аумақтық органдар және ведомстволық ұйымдар бастықтарымен, кадрлық, психологиялық және баспасөз қызметінің қызметкерлерімен бейнеконференция өткізу жоспарланып отыр. Аумақтық органдардан проблемалық сұрақтар жиналып алынды, олар осы бейнеконференция барысында түсіндірілетін болады.
Құқық қорғау органдарын кезектен тыс аттестаттауға даярлау және өткізу мәселелері Министрлік басшылығының қатаң бақылауына алынған.