ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 4 басшы қызметкері аттестаттаудан сүрінді

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 21 лауазымды тұлғасы кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ведомствоның кадрлық қамтамасыз ету департаментінің директоры Ержігіт Құлтаев мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылдың 21 мамырынан 12 қарашасына дейін ҚР Президентінің жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясында министрлік мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 21 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның ішінде орталық аппарат құрылымдық бөлімшелерінің 3 басшысы, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен оның 2 орынбасары, Көкшетау техникалық институтының бастығы, Республикалық дағдарыс орталығының бастығы мен оның орынбасары және облыстар, Астана мен Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттері бастықтарының 12 орынбасары бар», - деп атап өтті департамент басшысы.

Оның айтуынша, олардың қатарында 3 адам кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары лауазымдарға жылжытуға ұсынылды. Тағы 14 қызметкер аттестаттаудан сәтті өтіп, атқаратын лауазымдарына лайық деп танылып отыр. 2 қызметкер лауазымдарына сәйкес келмеген және төмендетілуге ұсынылды. Сонымен қатар 2 басшы қызметкер лауазымына сәйкес келмегендіктен, басқа қызметке тағайындауға ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар