ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен «Жастар ғылымда - 2010» халықаралық форумы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Мамырдың 14-15-і күндері ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен «Жастар ғылымда - 2010» халықаралық форумы өтеді. Оған еліміздің танымал ғалымдары, ҚР Парламентінің өкілдері, жас ғалымдар, Алматы, Астана қалаларының, сонымен қатар өңірлердің жоғары оқу орындарының магистранттары қатысады.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен «Жастар ғылымда - 2010» халықаралық форумы өтеді

Бұл туралы аталған форумды ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Форум барысында Халықаралық бизнес университеті «Жастар ғылымда: инновациялық үдерістердегі көшбасшылық перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Онда жас ғалымдар қазіргі заманғы қоғамдық-саяси үдерістер контексінде бизнес көшбасшыларды, ғылыми-педагогикалық кадрларды құру және дамыту жолдарын талқыға салмақ.

Модератор және шеберлік сабақтарын жүргізуші ретінде шет елдік жоғары оқу орындарының жас ғалымдары шақырылған.