ҚР Тұңғыш Президенті күні 9 мыңнан астам көрермен «Бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы» іс-шарасын тамашалайды

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда елордада «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай 600-ге жуық әртістің қатысуымен «Бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы» мерекелік іс-шарасы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.

ҚР Тұңғыш Президенті күні 9 мыңнан астам көрермен «Бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы» іс-шарасын тамашалайды

Іс-шаралар екі блоктан тұрады. Бірінші концерттік блокта қазақстандық эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, «Алаш Ұлы» тобы, Бейбіт Қорған және Ксения Сухомазова, сондай-ақ, ресейлік әнші Малика Разакова өнер көрсетеді. Бұл күні стадионға 9200-ден астам көрермен келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, «Бір ел, бір тағдыр, бір көшбасшы» мерекелік іс-шарасы - ҚР Тұңғыш Президентінің күнін атап өту аясында ұйымдастырылатын басты акциялардың бірі. Бұдан басқа, Астанада бірқатар мәдени, әлеуметтік, мерекелік және спорттық шаралар өткізу көзделген.