ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада бірқатар қызықты шаралар өткізіледі

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар көп ұзамай Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелейді.
None
None

Қазіргі заманда мемлекеттің ерекше мәртебесі көшбасшы тұлғасымен анықталады. Ол елдің қалыптасуының барлық кезеңінде мемлекет дамуының бағытын айқындайды. Біздің Президентіміз - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан үшін мұндай тұлға болып табылатыны сөзсіз.

Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарында оның әрбір азаматы өз болашағын өз қолымен салуға мүмкіндік алды.

1991 жылдан бері маңызды әрі шешуші оқиғалар орын алды. Ауыр жылдары мемлекет тұғырын салудың аласапыран жолына түстік. Кейіннен елімізде болған кең көлемді экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктер Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың - халық таңдаған, Қазақстан мемлекеттілігінің негізін салушы тұлғаның есімімен байланысты.

Мерек қарсаңында Отанымыздың жүрегі - Астана қаласында бірқатар шаралар өткізу белгіленді.

16 қараша - 5 желтоқсан, сондай-ақ 27 қараша - 6 желтоқсан аралығында Тәуелсіздік сарайында танымал қазақстандық фотосуретшілер Владимир Куриловтың «Астана - Елбасының тарихи ерлігі», Шүкір Шахайдың «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты көрмелері, 20 қараша - 20 желтоқсан аралығында астананың кітапханаларында - «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» атты кітап көрмелері ұсынылады. 26 қарашадан бастап Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 10 мың теңгелік төлем карточкаларын ұсыну бойынша акция басталады.

«Астана арена» стадионындағы астаналық мектептер арасында өтетін «Президенттік тест» кешенді спорттық-ойын-сауық эстафетасы тамаша шараға айналады. 1 желтоқсан күні Астананың тұрғындары мен қонақтары қала кинотеатрларында режиссер Р.Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» кинофильмін, Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестірінің концертін тамашалай алады.

Мереке барлық жерде сезіледі. Бұл күні Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Алау» мұз айдынына барады, астаналық тұрғындар үшін сауда орталықтарында мерекелік жеңілдіктер ұсынылады, ал 1 желтоқсанда дүниеге келген балаларға сыйлықтар беріледі.

Соңғы жаңалықтар