ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 82 қызметкер марапатталды - ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінде 1-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 82 қызметкер марапатталды - ІІМ

Жиында Департамент бастығы Ақан Қажкенов жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс тіледі.

Мерекелік жиында ардагерлер де Ұлт Көшбасшысының ел басқарудағы алғырлығы мен жігерлілігі туралы өздерінің жүрек жарды лебіздерін білдірді. Жиын соңында Департамент басшылығы қызметтегі зор жетістіктері үшін 82 қызметкерді ҚР ІІМ грамотарларымен және Департемент бастығының алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.