ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елордалық жетім балалар «Хан Шатырдағы» жағажайда тегін демалады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күнін атап өтуге орай Балалар құқықтарын қорғау департаменті балғын астаналықтар үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады.
None
None

Ведомствода балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мерекелік бағдарламалар туралы айтып берді, деп хабарлайды astana.kz.

«20 қарашада Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері «Алау» спорт кешеніне, 30 қарашада - ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіне, 27 қарашада - жағажайда демалып, суға түсу үшін «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығына барады. 29 қарашада «ҚР Тұңғыш Президентінің күні» тақырыбында тәрбие беру шарасы өтеді. 1 желтоқсанда балалар «Арсенал» кинотеатрында болып қайтады. Осы күні мерекеге орай Отбасылық типтегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылады. Сонымен қатар, балалар «Н.Ә.Назарбаевтың Елбасы және Президент ретінде қалыптасу жолы» атты фильмді тамашалайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2011 жылғы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының пленарлық отырысында «ҚР Мерекелер туралы» ҚР заңына толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту қарсаңында бір топ депутат жаңа мерекені бекіту туралы ұсыныс жасады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегін бағалау, ерекше атап өту мақсатында бекітілді.

Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында бірқатар мерекелік, әлеуметтік маңызды және патриоттық акциялар, кездесулер мен мәдени т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар