ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында «Балалық шақтың жұлдызды әлемі» атты көрме ашылды

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Балалық шақтың жұлдызды әлемі» атты көрменің ашылу рәсімі өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл - елордадағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы жанындағы Марианна Крякушинаның жетекшілігімен 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «Икебана» үйірмесінің есеп беру көрмесі. «Мұнда балалардың қамырдан, тастардан, пластилиннен, маталар мен түрлі гүл шоқтарынан жасаған туындылары қойылған», - деді көрменің ашылуында мұражайдың директоры Алма Сағынғали.Сонымен қатар, көрмеде №31 мектеп-гимназия жанындағы «Эксклюзив» үйірмесіне қатысушылардың да бірнеше жұмыстары бар.
Соңғы жаңалықтар