ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында белгілі мүсінші Марат Ғабдырахмановтың «Өмір пернесі» атты жеке көрмесі ашылды

СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында белгілі мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Марат Ғабдырахмановтың «Өмір пернесі» атты жеке көрмесі ашылды.
None
None

Шағын үлгідегі мүсіндер жанрында жұмыс істейтін ол өзінің туындыларына терең философиялық мән-мағына сыйғыза отырып, халқының жан-дүниесінің құпиялы терең пернелерін нәзік жеткізе білген. «Бүгінгі көрмеге өзімнің үздік туындыларымның 25-ін ұсынып отырмын. Әділ бағасын көзіқарақты көрермен берер», дейді М.Ғабдырахманов.

Көрмеге қойылған мүсіншінің туындылары көрерменнің бойына оны айнала қарап, оның үш өлшемділігін сезінгісі келетін тілегін оятады. Автор адам бейнесі арқылы қоғам өмірін, адамдардың мінез-құлқын, олардың көңіл-күйін, іс-әрекеттерін шынайы аша түскен.

М.Ғабдырахманов 1970 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітіріп, екі жыл АҚШ-та тағлымдамадан өткен. Оның «Дөңгелек» мүсіндік композициясы 2006 жылы Екатеринборда өткен халықаралық саябақ мүсіндері байқауында үшінші дәрежелі дипломмен марапатталған.

Мүсіншінің туындылары тек Ақтөбе қаласындағы мұражайда ғана емес, сонымен бірге АҚШ, Германия, Франция, Қытай азаматтарының жеке коллекциясында сақтаулы.

Соңғы жаңалықтар