ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында қазақстандықтардың фашизмді талқандауға қосқан үлесі туралы айтылды

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 68 жылдығына арналған сабақ-кездесу өтті, деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметінен.
None
None

Ұлы Жеңіс тарихындағы ерлікті, фашистерді талқандаудағы қазақстандықтардың үлесі жөнінде оқушылармен бірге еске ала отырып, ұйымдастырушылар өз алдына туған елдің тарихына құрмет, отаншылдық сезімін, батырлар үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруды мақсат етіп қойды. Іс-шараға №22 мектептің оқушылары қатысты. Сабаққа ерекше бөлімі құрметті қонақ ретінде соғыс ардагері, Украина, Молдава, Румыния, Польша, Германия майдандарында ерлікпен шайқасқан Анатолий Никифорович Куропятник шақырылды.

1944 жылғы қаңтар айынан бастап, 16 жасында Анатолий Никифорович 5-Гвардиялық әскердің Гвардиялық әуе-десанттық атқыштар полкінің құрамында соғысты. Өзінің тілек сөзінде ардагер оқу және өз білімін толықтыру қажеттігін ерекше атап айтты. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Біз өткен соғыста жеңіске жеткен аталар мен әкелердің ұрпағымыз», және біздің міндетіміз сол Ұлы Жеңістің бағасын естен шығармау.

Соңғы жаңалықтар