ҚР Тұңғыш Президенті Музейі мен Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті арасында меморандумға қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Стратегия-2050» контексіндегі Қазақстан Республикасы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері: тәжірибе және перспективалар» атты дөңгелек үстел өтті.
None
None

Шара барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми-зерттеу институты арасында меморандумға қол қойылды.

«Меморандумның мақсаты - Мемлекет басшысының өмірі мен қызметін, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуын, соның ішінде қарулы күштердің дамуын зерттеуде Музеймен бірлескен жобалар жасау. Келісім алдағы 5 жылға жасалып отыр. Сондықтан, болашақта көптеген зерттеу жұмыстары жарық көреді деп үміттенеміз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тарих ғылымдарының докторы, полковник Мұхтар Серікбаев. Айта кетейік, дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөлі, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік саласындағы саяси бастамаларының өзекті мәселелері талқыланды.

Шараға Музей мен ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері, ҚР Президенті Әкімшілігнің сарапшылары, С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар