«ҚР Тұңғыш Президентінің еңбек жолы бойынша» оқушылардың саяхаты ұйымдастырылды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президентінің Күнін, сондай-ақ 2012 жылдың 9-11 желтоқсанында жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтардан V Президенттік олимпиада бағдарламасы бойынша шараны мерекелеу аясында Мемлекет басшысының еңбек жолымен оқушылардың саяхаты ұйымдастырылды.
None
None

ҚР БҒМ «Дарын» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының баспасөз қызметі хабарлағандай, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тобының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолы бойынша сапары ұйымдастырылды. 

Саяхат Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген Алматы облысына қарасты Қаскелең ауданының Шамалған ауылынан басталды. Балалар Шамалғанда Фурманова атындағы орта мектепті, Президенттің балалық шағы өткен Үшқоңыр шатқалы мен Президент үздік бітірген Қаскелеңдегі Абай атындағы мектебін аралады. Одан соң Украина, Днепродзержинск қаласында, Қарағанды металлургиялық комбинаты жанындағы зауытта болды. Саяхат еліміздің Астанасында аяқталды.

Украинаның Днепродзержинск қаласында олимпадашылар қала мэрімен кездесіп, Н. Ә. Назарбаев оқып, жұмыс істеген жоғары кәсіби білім ордасын, ақпараттық технологиялар лицейін, металлургиялық комбинатты аралады.

Саяхаттың барысында фильм түсірілді, V Президенттік олимпиадасының салтанатты шарасында көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар