ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жас ғалымдар мен шығармашыл жастарға гранттар берді
АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президентінің қоры Жас ғалымдар мен жас өнер адамдарын қолдау бағдарлдамасы аясында бір топ жас ғалымдар мен шығармашыл жастарға гранттар тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Тұңғыш Президентінің қоры жас ғалымдар мен өнер мамандарына ғылыми зерттеу жүргізу, шетелдік ғылыми-мәдени шараларға қатысуға мүмкіндік беру мақсатында гранттар конкурсын жыл сайын өткізіп келеді. Биылғы конкурсқа еліміздің барлық облысынан 100-ден астам өтініш түскен.Конкурс қорытындысы бойынша шығармашылық жобалар аталымында Алмагүл Орынбаева (актриса), Әжі Көбенов ( «Дарынды қолдау» ҚҚ), Ақерке Тәжібаева (қобызшы), Елена Волкова («HASSANAT» өнер галареясы), Динара Мерғалиева (А.Селезнева атындағы АХК), Әсел Шалахметова («Дизайн академиясы»), Гүлжан Кударинова (Қарағанды тарихи-өлкетану мұражайы) и Ерлан Көкеевтың («К-7»продюсерлік орталығы) мерейі үстем болды. Ғылыми зерттеу бойынша 3 жас ғалымға, шетелдік мәдени-ғылыми шараларға қатысу грантына 4 жас ғалым мен өнер адамына грант берілді. Бұл 4 жас ғалым мен шығармашыл жастар Корея, АҚШ, Германия елдеріндегі шараларға қатысып, тәжірибе алмасып қайтпақ.«Бізде мықты идеяларды жүзеге асыра алатын жас ғалымдар мен өнер адамдары жеткілікті. Біз өз тарапымыздан осы жастарды қолдауға дайынбыз», - дейді ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директоры Бектас Мұхаметжанов.