ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы 10 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының 10 жылдығына орай бірқатар кешенді шаралар өткізілді.
None
None

«Бүгін біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының 10 жылдығына орай бірқатар кешенді шараларды бастадық. Осыдан он жыл бұрын Мемлекет басшысы біздің еліміздің тарихына арналған ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы жарлыққа қол қойды», - дейді ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы директорының орынбасары Ботакөз Қайыпова.

Олардың алғашқысы - «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Конференция мақсаты мұражайлар мен ғылыми орталықтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, академиялық және мұражай қауымдастығын біріктіру. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, мемлекеттік органдардың, алыс және жақын шет мемлекеттердің ғылыми және мұражай қауымдастығының өкілдері қатысты.

Конференция аясында мұражай ісінің мамандарына арналған өзекті мұражай мәселелері және музей педагогикасындағы инновациялық әдістер туралы шеберлік-сыныптар және «Серіктестер шоқжұлдызы» музейлік форумы өткізілді.

Оған музей серіктестері - дипломатиялық өкілдіктер, Қазақстанның барлық өңірлерінен және Астанадан аймақтық мұражай және мәдениет мекемелері қатысуға ниет білдірген. Форум мини-экспозициялар форматында әрбір мұражай қызметіндегі қор жинақтарының ерекшеліктерін, олардың насихатталу әдістері мен тәсілдерін қысқаша әрі кең түрде көрсетуге мүмкіндік берді. «Серіктестер шоқжұлдызы» музейлік форумы Қазақстанның көптеген өңірлерінің шығармашыл топтарын біріктіріп, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Отырар, Павлодар, Петропавл, Тараз, Өскемен қалаларындағы музейлік жинақтардың ерекшеліктерімен танысуға жол ашты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар барысында қонақтар Күмбезді залда орналасқан «Бізге 10 жыл» фотокөрмесі материалдарымен таныса алады. Үлкен банкет залында белгілі мүсінші Н. Қалиевтың «Ағаш құдіреті» көрмесі ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар