ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында «Ұлт жауһарлары» көрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2Астанадағы «Ұлт жауһарлары» көрсмесінде ежелгі зергерлік бұйымдар ұсынылады, деп хабарлады ҚР тұңғыш Президенті мұражайы.

ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында «Ұлт жауһарлары» көрмесі ашылады

ҚР тұңғыш Президентінің мұражайындағы көрме 16 мамыр күні сағат 17.00-де ашылады. Онда «Әдемі-Ай» өнер мұражайының жинақтарынан ежелгі зергерлік бұйымдар қойылады. Өнер мұражайы 2011 жылы белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің күш-жігерімен ашылған болатын. Қазіргі таңда жәдігерлер саны 1000-нан астам мұражай экспозицияларынан б.з.д. III - I ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI - ХII ғғ. жататын тарихи құнды дүниелерді көруге болады. Көрмеге сонымен қатар, 13 жылдан астам уақыт бойы тарихи-мәдени құндылықтарымыз бен ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып келе жатқан «Әдемі-Ай» компаниясының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен кәдесыйлары ұсынылған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы бұл көрмені көпұлтты Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, көпшілікке жария етуге бағытталған серіктестік жобасы аясында ұйымдастырып отыр.

«Ұлт жауҺарлары» көрмесі 2014 жылдың 20 мамырына дейін жалғасады.