ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Жапонияның қолданбалы өнерінен сыр шертетін көрме ашылды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Нацуи Сигэо мен ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаевтың қатысуымен «Жапонияның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі ашылды,

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында Жапонияның қолданбалы өнерінен сыр шертетін көрме ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Н.Сигэоның атап көрсеткеніндей, экспозицияға жапондық қолданбалы өнер шеберлерінің металл, қыш, фарфор, тоқыма, шыны және ағаштан жасаған 90-нан астам экспонаты қойылды. Олардың ішінде ыдыс-аяқтар, тұрмыстық заттар, сәндік бұйымдар мен жиһаздар бар. «Көрмеге қойылған туындылар арқылы Жапонияның дәстүрлі шеберлерімен, көптеген жылдар бойы қолданылып келе жатқан қолөнер бұйымдарымен таныс бола аласыздар», - деді ол. Көрме «Мәдениет арқылы үнқату» халықаралық жобасы аясында ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайымен және Қазақстандағы Жапон Елшілігі және Жапон қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.