ҚР Тұңғыш Президентінің музейі Елбасының 200-ге жуық қоғамдық марапатын ел назарына ұсынады

Алғаш рет қалың көрермен назарына Мемлекет басшысының 200-ден аса қоғамдық марапаттары ұсынылады. Олардың қатарында: «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы», «Инвестициялық Періште» сыйлығы, «Жыл адамы» халықаралық сыйлығы және т.б.
Қоғамдық марапаттар жиынтығы өзінің құрамы жағынан әртүрлі: ордендер, алқалар, куәліктер, дипломдар, мақтау қағаздары және сертификаттар екенін айта кетек керек. Экспозиция: мемлекетаралық ынтымақтастық пен ықпалдасу саласындағы марапаттар; мемлекеттік басқару және экономика саласындағы марапаттар; қауіпсіздік, саласындағы марапаттар; ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы марапаттар; білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы марапаттар; мәдениет саласындағы марапаттар; спорт және туризм саласындағы марапаттар тақырыптарына бөлінген.