ҚР Тұңғыш Президентінің музейі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа экскурсиялық тур ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жыл айрықша даталарға толы. Осыған байланысты ҚР Тұңғыш Президентінің музейі ауқымды іс-шаралар кешенін өткізіп жатыр, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметінен.

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа экскурсиялық тур ұсынды

Музейдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа экскурсиялық тур ұсынылып отыр.

«Келушілерді кеңінен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 1 наурызынан бастап, жаңа тәртіпте: сағ.10-нан 18.00-ге дейін (үзіліссіз) жұмыс істейді. Экспозицияларға кіру уақыты 17.15-ке дейін. Сәрсенбі және жұма күндері, сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін барлық залдар мен бұрында жабық болған: «Алауошақ» залы, «Қысқы бақ» және демалыс бөлмесі бойынша экскурсиялар өткізіледі», делінген хабарламада.