ҚР Тұңғыш Президентінің өкілеттілігін ұзарту бойынша республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ Астанада кеңейтілген отырыс өткізді

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартуға арналған республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ бүгін Астанада кеңейтілген отырыс өткізді.

ҚР Тұңғыш Президентінің өкілеттілігін ұзарту бойынша республикалық референдум өткізу жөніндегі бастамашыл топ  Астанада кеңейтілген отырыс өткізді

Отырыс барысында сөз сөйлеген Астана қаласы мәслихатының хатшысы Владимир Редкокшиннің атап көрсеткеніндей, бүгінгі таңда аталған бастамашыл топтың құрамына еліміздің барлық аймақтарынан 320 өкіл кіреді. «Олардың негізгі мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту. Ол үшін бүгінде ҚР Орталық комиссиясында жұмыс істеп жатқан бастамашыл топ өтініштерді қабылдауда. Одан кейін Орталық сайлау комиссиясы рұқсат бергеннен соң халық арасында арнайы сауалнама жүргізілетін болады. «ҚР Референдум туралы» заңына сәйкес Президенттің өкілеттілігін ұзарту бойынша республикалық референдумды өткізу үшін кем дегенде 200 мың адам бұл бастамаға қолдау білдіруі тиіс. Меніңше, бұл бастаманы еліміздің барлық азаматтары қолдайды. Ал референдумды 2011 жылдың наурыз айында өткізуге болады», - деді В.Редкокашин.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өкілеттілігін ұзарту жөніндегі республикалық референдумды өткізу бастамасын Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары және тағы басқалар қолдауда.