ҚР Туризм және спорт министрі Алматыда спорт ардагерлерімен кездесті

АТЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Бейжіңдегі Олимпиада-2008 аяқталғаннан кейін ҚР Туризм және спорт министрлігі «Қазақстандық спорт делегациясының 2010 жылы Ванкуверде өтетін ХХІ қысқы Олимпиадаға және Лондонда 2012 жылы өтетін ХХХ жазғы Олимпиадаға, 2010 жылы Гуанчжоуда өтетін  XVI жазғы Азия ойындарына, Астана мен Алматыда өтетін 2011 жылғы қысқы Азиада ойындарына қатысуға әзірлік жөніндегі негізгі ұйымдастыру шараларын» жасап бекітті.

ҚР Туризм және спорт министрі Алматыда спорт ардагерлерімен кездесті

Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов Спорт күніне орай сала ардагерлерімен кездесу үстінде айтты.

Т.Досмұханбетов жоғарыдағы аталған ұйымдастыру шараларын жасауда Бейжің Олимпиадасына әзірлікте кеткен кемшіліктер ескерілгенін атап өтті. Оның айтуы бойынша, спортшыларды халықаралық жарыстарға сапалы даярлау үшін заманауи спорт құрылыстары пайдалануға берілді. Олардың арасында - Астанадағы ұлттық теннис орталығы, Алматыда дарынды балалар үшін республикалық мектеп-интернатта 50-метрлік жүзу бассейнімен үш залды спорт залы мен бокс орталығы, Астанада 30 мың орындық жабық футбол стадионы бар. Министр Астанада зауанауи велотректің, Щучинскіде шаңғымен секіру үшін трамплин кешенімен шаңғы-биатлон стадионының, Алматы маңында республикалық олимпиадалық әзірлік базасының құрылысы аяқталып келе жатқанын атап көрсетті,  Б.Шолақ атындағы спорт сарайын және Алматыда К-2 трамплин кешенін жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда.

Т.Досмұханбетов бүгінде 30-дан астам қазақстандық студенттер «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқып жатқанын атап өтті. «Олар болашақ жаттықтырушылар және спорт ұйымдастырушылары, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау ісіне елеулі үлес қосатын болады», - деді министр.