ҚР Туризм және спорт министрі мен Азияның Олимпиялық Кеңесінің бас директоры қысқы Азиада-2011 дайындық барысын талқылады

АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - ҚР туризм және спорт министрлігінде Азияның Олимпиялық Кеңесі (АОК) Үйлестіру комитетінің 2-інші отырысы болып өтті.
None
None

Министр Темірхан Досмұханбетов пен АОК бас директоры Аль-Мусалам-Хусейн Астана мен Алматы қалаларында өткізілетін 2011 жылғы 7-інші қысқы Азия ойындарына дайындық барысын талқылады, деп хабарланған ҚР ТСМ баспасөз айғағында.

Отырыс барысында қазақстандық тарап 2011 жылғы Азиадаға дайындық бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді, атап айтар болсақ, спорт нысандарының дайындығы деңгейі, спортшылар мен көрермендерді орналастыру, тамақтандыру, оларға қызмет көрсету жүйесі қарастырылып, қатысушылар мен қонақтарды тіркеу, медициналық қамту және Ойындардың қауіпсіздігі мәселелері де әңгіме өзегіне айналды. Аталып өтілгендей, 2010 жылғы тамыздың 30-ындағы ахуал бойынша 7-інші қысқы Азия ойындарына қатысуға 24 мемлекет өтініш берді.

Отырыс соңында тараптар АОК Үйлестіруші кеңесінің үшінші отырысын үстіміздегі жылдың қазан айында өткізу туралы уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар