ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан 2012 жылы Лондон олимпиадасында 28-ші орынға ие болды деп үміттенеді
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан құрамасы командасы 2012 жылы Лондонда өтетін жазғы олимпиада ойындарында жалпыкомандалық есеп бойынша 28-ші орынға ие болады деп үміттенеді.
Бұндай ақпарат ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленовтан тараған.
Оның айтуы бойынша, 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан 23-ші орынға шығуды жоспарлауда. Вице-министр комиссия әзірге қаржыландыру мәселесін шешпегенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы олимпиада ойындары 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында Ұлыбритания астанасы - Лондон қаласында, ал қысқы олимпиада 2014 жылдың 7 ақпаны мен 23 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи курортында өтеді.