ҚР Туризм және спорт министрлігі Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жөнінде Интернет-конференция өткізеді
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі сәуірдің 14-16-сы күндері www.e-gov.kz порталында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыстан – дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөнінде Интернет-конференция өткізеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.