ҚР Туризм және спорт министрлігінде Халықаралық теннис федерациясының вице-президентімен кездесу болды

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – ҚР Туризм және спорт министрлігінде ведомство басшысы Темірхан Досмұхамбетов пен Қазақстанның үлкен теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратовтың Халықаралық теннис федерациясының (ITF) вице-президенті Брэдли Дрюетпен кездесуі болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Екіжақты кездесу барысындағы диалогта қазақстандық тарап пен ITF арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ҚР Туризм және спорт министрі Мемлекет басшысы қол қойған, спорттың осы түрін Қазақстанда дамытудың бесжылдық жоспары аясында теннисті дамыту бағдарларын айтты. Бұлар ? еліміздің әрбір ауданында 260 теннис орталықтарын салу, Қазақстандағы теннисті дамытуға арнап қажетті қаржылық қаражатты бөлу. Қалың бұқараны тенниске тарту тұрғысында стратегиялық және маңызды міндеттердің бірі таяу уақыттарда тұрақты айналысатындардың жалпы санын 10 мыңға жеткізу болып табылады. Қазіргі сәтте тенниспен 4,5 мың адам тұрақты айналысады. Еліміздің әрбір аймағында теннистің қосымша секциялары мен бөлімшелері, олимпиадалық резерв мектептері ашылуда. Сонымен қатар министр таяудағы бес жыл ішінде Қазақстанда, Қапшағай қаласында спорттық-туристтік орталық салынатынын, ол Халықаралық теннис федерациясының және әлемдік стандарттардың талаптарына сәйкес болатынын атады. Онда 26 корт, футбол стадионы және гольф ойынына арналған 18 алаң салынады. Сондай-ақ Бурабай курорты өңірінде үш жылдан кейін инвестициялық құны 3 миллиард теңге болатын екінші теннис орталығы (біріншісі ? Астанада) ашылады. Осы супержобаның құрылтайшысы Қазақстанның теннис федерациясы болып табылады. Сөзінің қорытындысында қазақстандық тарап Халықаралық теннис федерациясының президиумында және атқару комитетінде Орталық Азиядағы жалғыз ғана өкіл ретінде Қазақстан делегациясының ITF басшылық құрамына тұрақты мүше болуы туралы мәселенің оң шешімін табатынына үмітін білдірді. Б.Дрюет бұл бастаманы қолдады және осы мәселені ITF таяудағы кеңесіне қоюға келісті.
Соңғы жаңалықтар