ҚР Туризм және спорт министрлігінде интернет-конференция өтті

АСТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат – Сәуірдің 14-мен 17-сі аралығында Үкіметтің www.e.gov.kz электрондық порталында ҚР Туризм және спорт министрлігі Елбасының «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауын түсіндіру жөнінде интернет-конференция өткізді.

ҚР Туризм және спорт министрлігінде интернет-конференция өтті
Үш күн бойына азаматтардың министр Темірхан Досмұханбетовке өздерін толғандырған сауалдарын қоюға мүмкіндіктері болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сауалдарды сараптай келгенде, қаржы дағдарысының туризм мен спортты дамытуға салдарының жұртшылықты толғандыратынын байқауға болады. Сөз жоқ, көпшіліктің көкейінде жүрген күпті мәселенің бірі ? халықты еңбекпен қамту және мамандарды қайта даярлау ісі. Осыған байланысты, министрлік қазіргі таңда спорт саласында білікті мамандардың тапшы екендігін жоққа шығармады. Бұдан әрі, мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесіне көшуге және қазақстандық мөлшерді арттыру жөніндегі Президент тапсырмасына байланысты, аталған тақырып бойынша бірқатар сауалдар түсті. Осыған қатысты айтар болсақ, бүгінгі күнге министрлік жасасқан шарттардың 86 пайызы - отандық жеткізіп берушілер. Сонымен қатар, ішкі туризмді дамыту, жол құрылысын және инфрақұрылымды салу, сондай-ақ VІІ-ші қысқы Азиада-2011 ойындарына әзірлік мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Әрине, министрдің он-лайн-конференция арқылы пікірлесуі бір ғана акциямен тоқталып қалмайды. Азаматтар өздерін толғандырған сауалдарды министрдің жеке блогына жолдауларына болады.