ҚР Туризм және спорт министрлігінде Спорт күні қарсаңында салтанатты жиналыс өтті
ыздың 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінде Спорт күні қарсаңында салтанатты жиналыс өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дене шынықтыру мен спорт адамдардың денсаулығын нығайту, жастарды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу сияқты көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды фактор. Елбасының қолдауымен спорт пен дене шынықтыру қозғалысы - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады», - деп атап өтті аталмыш ведомство басшысы Темірхан Досмұхамбетов.
Министрдің спорт ардагерлерін, жаттықтырушылар мен спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтау сөзінен кейін, Қазақстанның 8 жаттықтырушысына «Ең таңдаулы жаттықтырушы» құрметті атағы берілді. Сондай-ақ қазақстандық БАҚ-тың бірқатар спорт журналистеріне «Спорттық дене шынықтыру мәдениеті саласына қосқан үлесі үшін» атағы беріліп, құрмет грамоталарымен марапатталды.