ҚР ТЖМ: Астанада автобус пен автокранның соқтығысуы салдарынан 4 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада автобус пен автокранның соқтығысуы салдарынан 4 адам қаза тауып, жетеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Жексенбі, 5 тамыз күні сағат 14:11-де Астанада Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында «QY25k5» автокраны мен № 36 бағдардағы «Skania» жолаушылар автобусы соқтығысып қалды.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың жолаушылары - 1952 жылғы Құрмашева, 1975 жылғы Ысмағамбетова, 1981 жылғы Әделшина және аты-жөні анықталмаған бір ер адам оқиға орнында мерт болды.

Бұдан басқа, ауруханаға автобустың 7 жолаушысы жеткізілді.

Төтенже жағдай орнында «Медицина апаттарының орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, аэромобильдік жедел-құтқару жасағының орталық аймағындағы 5 адамы мен 1 техника бірлігі, ҚР ТЖМ Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 11 адамы мен 2 техникасы және жедел медициналық жәрдемнің 11 бригадасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар