ҚР ТЖМ авиациясы Түркияға гуманитарлық көмек жеткізді

ТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің авиациясы Эрзурум (Түрік республикасы) провинциясының әуежайына 60 он орындық қысқы шатыр, 60 жылыту пеші, 300 көрпе мен 300 матрацтан тұратын гуманитарлық жүкті жеткізді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ авиациясы Түркияға гуманитарлық көмек жеткізді

Түрік республикасының халқына гуманитарлық көмек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен және осы елде болған жойқын жер сілкінісіне байланысты Қазақстан Үкіметінің қаулысына сай көрсетілді.