ҚР ТЖМ: Батыс Қазақстан облысында құтыру ауруынан ер адам көз жұмды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - 8 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Кирсанов елді мекеніндегі облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне «құтыру» диагнозымен 58 жастағы ер адам жеткізілді.
ҚР ТЖМ-нен мәлім еткендей, науқас 16 мамыр күні ауруханада жан тапсырды.