ҚР ТЖМ Батыс Қазақстанда су астында қалған үйлер мен саяжай алаптарын қайықпен жүріп тексеруде

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ТЖМ құтқару отряды мен суда құтқару қызметі су басқан үйлерде қалып қойған азаматтарды табу және оларды қауіпсіз жерге шығару мақсатында үйлер мен саяжай алаптарын қайықпен жүріп тексеруде,

ҚР ТЖМ Батыс Қазақстанда  су астында қалған үйлер мен саяжай алаптарын  қайықпен жүріп тексеруде

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар жағдайды бағалау үшін өзен бойларын ұшақпен бақылап, мұз құрсауларын жару жұмыстары жүргізілуде. Бұл күш пен қаражатты жұмылдыруда дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Қабылданған нақты шаралардың арқасында мал басының айтарлықтай шығынына жол берілген жоқ.