ҚР ТЖМ қатарындағы 10 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР  Төтенше жағдайлар  министрлігі қатарындағы 10 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің бас маманы Эльдор Райымбеков мәлім етті.

ҚР ТЖМ қатарындағы 10 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді

Оның сөзіне қарағанда, Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы бекіткен құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізуде.

«2012 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ Орталық аттестаттау комиссиясының 7 кеңесі болды. Оның шеңберінде министрліктің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 274 қызметкерлерімен әңгімелесу өткізілді. Бұл  Орталық аттестаттау комиссиясында аттестаттауға жататын жалпы 389 қызметкерлер санының 70,4%-ын  құрайды», - деді баспасөз қызметінің маманы.

Әңгімелесу қорытындылары бойынша мынадай тұжырым жасалды:

43 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;

176  қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

16  қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;

15  қызметкерге қатысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;

« Ал 10 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және құқық қорғау органынан босату ұсынылады. Сондай-ақ 14 қызметкер бойынша Орталық аттестаттау комиссиясының шешімі қабылданбады, бұл қызметкерлер бойынша қарастыру шаралары келесі отырысқа қалдырылды. Қазақстан Республикасы ТЖМ Орталық аттестаттау комиссиясы өзінің  жұмысын одан әрі жалғастыруда», - деді Э. Райымбеков.