ҚР ТЖМ құрамасы министрліктер арасындағы спартакиадада бірінші орын алды

None
None
ӨСКЕМЕН. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ҚР ТЖМ құрамасы министрліктер арасындағы спартакиадада бірінші орын алды.

Топ құрамына Орал, Астана, Теміртау, Павлодар және ШҚО қызметтерінің өкілдері кірді. Спартакиада спорттың екі түрі: шаңғы жарысы және конькимен жүгіру спорты бойынша өтті.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖМ-нің құрамасында Риддер қаласының екі қызметкері - радиотелеграфшы Оюунгэрэл Цагаанбаатарын және өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Владимир Борисов болды.

1 шақырым қашықтықта Риддерден келген жас спортшы қыз екінші орын алса, мұз айдынында Оюунгэрэл тамаша нәтижелер көрсетті. Жүз метрлікте ол бірінші болса, 500 метр қашықтықта - екінші болып келді.

Владимир Борисов те ерекшеленді. Шаңғы жарысында өрт сөндіруші барлық қарсыластарынан озып, мәреге бірінші болып келді. Ол 2,5 шақырым қашықтықты жеңіл еңсерді. Алайда 300 метр қашықтықта Борисов үшінші болып келді, бірақ 1000 метрлікте құрама қоржынына екінші орынды алып берді. Нәтижесінде, барлық бірінші орындарды, жинаған ұпайлар мен баллдарды санағанда ҚР ТЖМ командасы бірінші орынды иеленіп, министрліктер арасында өткен қысқы спартакиаданың жеңімпазы болды, деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

Соңғы жаңалықтар