ҚР ТЖМ: Күйік жарақаты мен иіс тию - өрт қауіпсіздігін сақтамаудың салдары

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Астана қаласында жекеменшік тұрғын үйде пешті жағу кезінде жоғары қысым салдарынан қазандықтың жарылуы орын алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
None
None

Салдарынан екі адам күйік жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді.

Кеше таңертең Алматыда 4 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы жалпы пайдалану дәлізінде жиһаздар өртене бастады, оның аумағы 10 шаршы метрді құрады. Жалын жарты сағаттан соң ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан иіс тиіп уланған 4 адам ауруханаға жеткізілді, соның екеуі - балалар. 40 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Соңғы жаңалықтар