01:16, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
ҚР ТЖМ: Мемлекетаралық жұмыс тобы мүшелерінің бейнеконференциясы өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 23 сәуірде бейнеконференциялық байланыс режимінде Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы өкілдерінің қатысуымен «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің жобасын талқылау жөнінде мемлекетаралық жұмыс тобы мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Кеден одағы Техникалық регламентінің жобасын талқылау кезінде әзірлеуші (Ресей ТЖМ) беларусь және қазақстандық тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын толығымен қабылдады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.