ҚР ТЖМ-нің әйелдер құрамасы өрт сөндіру-құтқару спортынан Әлем чемпионы атанды
Әлем чемпионаты Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатыр.
Жауынгерлік қанат жаю дисциплинасында өзара мықтыны әйелдердің 4 командасы анықтаған. Спорттың бұл түрі өрт орнына келген кездегі өрт сөндірушілердің іс-әрекеттеріне ұқсас.
«Әйелдер командалары арасындағы жарыс Қазақстан Республикасының құрама командасының жеңісімен аяқталды. Нәтиже 27,16 секундты құрады. Екінші орынды Ресей Федерациясының командасы, үшінші орынды Беларусь және Өзбекстан Республикаларының құрама командалары иеленді», - делінген ТЖМ мәліметінде.
Есте салайық, 1 қазанда Самарқандта өрт-сөндіру құтқару спортынан ерлер арасында XVII әлем чемпионаты және әйелдер арасында VІII әлем чемпионаты басталған болатын.
Өрт-қолданбалы спортта өрт сөндірушілердің жеке құрамының жауынгерлік даярлығы байқалады.