ҚР ТЖМ: ОҚО-да үй өртеніп, бір адам қаза болды
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Абай ауданында «Қайнар бұлақ» саяжайындағы үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 3 техникасы жұмылдырылды.
15 шаршы метр жер отқа оранды. Оқиға орнынан аты-жөні белгісіз біреудің мәйіті табылды.