ҚР ТЖМ солтүстік өңірлерде ауа температурасының төмендеуі жөнінде ескерту жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап, 11-12 шілде күндері Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 12-13 шілдеде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, 12-14 шілде күндері Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде күшті жаңбыр жауып, бұршақ жаууы, солтүстіктен соққан желдің 15-20 м/с-қа дейн күшеюі мүмкін екендігі туралы ескерту жасады.
Ауаның температурасы түнде +10+15 градусқа, кей жерлерде +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз +15+20, кей жерлерде +12 градус болады.