ҚР ҰЭМ: 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика экономикасында 2016 жылғы қазанда, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,4 млн. адамды, яғни жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 74,1 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 ҚР ҰЭМ: 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды

«2016 жылғы III тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 83,8 пайызды, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 16,2 пайызды құрады»,-делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Атап айтқанда, 2016 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 444,8 мың адамды, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды қамтыды.

 «Жұмыспен қамту органдарында 2016 жылғы қазан айының соңына 74,5 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санында 0,8 пайызды құрады»,-деп атап өтілген хабарламада.