ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы және орынбасарлары тағайындалды

Комитет төрағасы - Серік Жұманғарин, осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Комитет төрағасының орынбасары - Арыстан Қабыкенов, осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
Комитет төрағасының орынбасары - Азамат Майтиев, осыған дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры болған.
Комитет төрағасының орынбасары - Әлия Жұмабаева, осыған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ интеграциялық саясат департаментінің директоры болған.
Комитет төрағасының орынбасары - Рүстем Ахметов, осыған дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
«Монополияға қарсы органның рөлі күшейеді», - деп атап өтті Ерболат Досаев.
«Комитет алдында 2 негізгі міндет тұр - заңнамалық жұмыс және интеграциялық үрдістер аясында бәсекелестікті қорғау», - деді министр.