ҚР ҰҒА академиктері Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың мерейтойлық кештері өтеді

АЛМАТЫ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 5 сәуірінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Серік Қирабаев пен Әлия Бейсенованың  мерейтойларына арналған салтанатты жиын өтеді.
None
None

 «Ғылым ордасында» өтетін бұл шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Оған еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен танымал ғалымдар, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысад.

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Смайылұлы Қирабаев - 85, ал  географ-эколог, Қазақстан жоғары мектебіне еңбек сіңірген қызметкер, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, география ғылымдарының докторы, профессор Әлия Сәрсенқызы Бейсенова 80 жасқа толмақ. Бір шаңырақта бас қосқан ерлі-зайыпты қос ғалым ғылымда ғана емес, ұзақ жылдар бойы білім беру саласында - Абай атындағы ҚазҰПУ-да ұстаздық қызмет жасап, мыңдаған шәкірт дайындады.

Соңғы жаңалықтар