ҚР Үкімет басшысы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес өткізіп, онда бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 1 маусымда Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

ҚР Үкімет басшысы Экономикалық саясат жөніндегі кеңес өткізіп, онда бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

«Экономикалық саясат жөніндегі кеңесті өткіздім», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-де.

"Әлемдік шикізат нарығындағы баға конъюнктурасының ықтимал өзгерістерін ескеретін еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі сценарийлерін әзірлеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы механизмдерді қолдану, мұнай-химия саласын дамыту, тұрғын үй құрылысы және ТКШ секторларының мәселелері талқыланды", - делінген http://www.facebook.com/KMassimov сайтында.

Толық ақпаратты http://pm.kz және http://vkontakte.ru/kmassimov сайттарынан көре аласыздар.