ҚР Үкімет басшысы Экономиканы қайта жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

АСТАНА. 24 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бейнеселекторлық байланыс режимінде облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен еліміздің Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.

ҚР Үкімет басшысы Экономиканы қайта жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын өткізді

«Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемкомиссия отырысын өткіздім. Ауыл шаруашылығы, индустрияландыру мәселелерін талқыладық», - деп жазған К.Мәсімов Twitter-дегі парақшасына.

Бірқатар облыс әкімдерінің «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» торабының құрылыс барысы туралы есептері тыңдалды, деп хабарланған www.facebook.com:80/KMassimov сайтында.

Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар: http://pm.kz , сондай-ақ http://vkontakte.ru/kmassimov .