ҚР Үкімет басшысы «Finmeccanica» концернінің президенті және атқарушы директорымен кездесті
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов итальяндық «Finmeccanica» концернінің президенті және атқарушы директоры Пьерфранческо Гуаргуалинимен кездесті.
Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі жеке парақшасында хабарлады.