ҚР Үкімет басшысы Иран президентімен аймақтағы жағдайды талқылады

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен аймақтағы жағдайды талқылады.

ҚР Үкімет басшысы Иран президентімен аймақтағы жағдайды талқылады

«Иран президентін қарсы алдым. Аймақтағы жағдайды талқыладық. Теміржолдарды салуды», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында.

Еске сала кетсек, Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген болатын.

Кездесу туралы толыққанды ақпаратты http://pm.kz сайтынан, www.facebook.com:80/kmassimov және http://vkontakte.ru/kmassimov блогтарынан оқи аласыздар.