ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бұл жиын барысында университеттің биылғы жылғы қызметінің негізгі нәтижелері қарастырылды. Онда оқу орнының оқуға қабылдау ережелері мен 2012 жылға Университет қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.
Атап айтқанда, Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу оқу орнының алдағы жылға негізделген басты бағыттары, сондай-ақ білім беру бағытында басты нәтижелер мен жоспарланып отырған қадамдар жайында баяндады.
К. Мәсімов оқу орнының барша құрылымымен, зертханаларымен, дәрісханаларымен және білім беру барысымен, сонымен қатар Университеттегі жоғары технологиялы жабдықтармен танысты.
Айта кетейік, Қамқоршылық кеңес Назарбаев Университетінің басқару органы болып табылады. Кеңес 10 адамнан құралған, сондай-ақ оған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов төрағалық етеді.