ҚР Үкімет басшысы Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы С.Мұқашевпен кездесу өткізді

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қзаақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

ҚР Үкімет басшысы Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы С.Мұқашевпен кездесу өткізді

Кездесу барысында 2009-2011 жылдарға арналған үшжақты бас келісімді жүзеге асыру мәселелері, кәсіподақтардың Еңбекпен қамту-2020 бағдарламасы мен елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы үшін кәсіби-техникалық жұмысшыларды дайындауға қатысу мәселелері талқыланды.

Еңбек кодексіне енгізілген және ҚР Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы пікір алмасу болды.

Сонымен қатар ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолға алынып жатқан азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары, коммуналдық саладағы тарифтерді қалыптастыру мәселесі талқыланды.