ҚР Үкімет басшысы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын тағайындау туралы қаулыға қол қойды
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын тағайындау туралы» 2010 жылдың 27 желтоқсанындағы №1414 қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 27 желтоқсанындағы №1414 қаулысы
2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жемісті ғылыми жұмысы, шығармашылық және қоғамдық жұмысы үшін 2010 жылы Қазақстан Республикасын Үкіметінің Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы мыналарға берілсін:
«Театр және кино» аталымы бойынша
Жұмабаева Жанар Жеңісқызына - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының режиссері
Қарабалина Назгүл Әдиетқызына - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі
Садырбаев Жандарбек Алайдарұлына - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі
«Журналистика» аталымы бойынша
Әшімжанов Жанарбек Садықанұлына - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының «Қаламгер-Медиа» орталығының директоры
Кертаев Ринат Думанұлына - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының «Жеті күн» ақпараттық-талдамалық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі
Құрманғали Берік Уәлиұлына - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінің Жемқорлыққа қарсы медиа-орталығының жетекшісі
«Әдебиет» аталымы бойынша
Әшірбаев Бекжан Төребекұлына - «Заң» газетінің бас редакторы
Елгезек Ақберен Елгезекұлына - «Бөбек» қорының Адамды үйлесімді дамыту институты директорының орынбасары
Темірбай Алмас Қажыбайұлына - Ақмола облысы Халық шығармашылығы орталығының бас редакторы
«Ғылым» аталымы бойынша
Здоровец Максим Владимировичке - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығының» республикалық «Ядролық физика институты» мемлекеттік кәсіпорны еншілес кәсіпорнының Астана фиилиалының бастығы
«Қоғамдық қызмет» аталымы бойынша
Сыдықов Нұрлан Ерболатұлына - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы «Жас Отан» жастар қанаты атқарушы хатшылығының жетекшісі
Төлегенова Жанна Викторовнаға - «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стпендиаттары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры
«Эстрада» аталымы бойынша
Құдайбергенов Ерболат Қанатұлына - Алматы облысы әкімдігінің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әншісі
«Классикалық музыка» аталымы бойыншва
Желтұрғызов Азамат Қайратұлына - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының опера әншісі
«Халық шығармашылығы» аталымы бойынша
Мықтыбаев Батыржан Қайырғалиұлына - әртіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының домбырашылар тобының концертмейтері
Сауранбаев Мұрагер Амангелдіұлына - музыкант, Н.Тілендиев атындағы І халықаралық конкурстың Гран-при иегері
«Дизайн және бейнелеу өнері» аталымы бойынша
Бексұлтан Елдос Елмұратұлына - «Арқанат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суретші-мүсіншісі
Өмірзақ Гүлназымға - суретші-кескіндемеші, «Шабыт» Халықаралық шығармашылық фестивалінің лауреаты
«Спорт» аталымы бойынша
Тыналиев Нұрмахан Анарбекұлына - Гуанчжоудағы 16-жазғы Азия ойындарының чемпионы, грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі
Шалыгина Елена Евгеньевнаға - Гуанчжоудағы 16-жазғы Азия ойындарының чемпионы, еркін күрестен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі
2. 2010 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының мөлшері әр аталым бойынша 200 000 (екі жүз мың) теңге болып белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республиасының Премьер-Министрі К.Мәсімов